Page 75 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 75

:  9-тапсырма.  Ақтанға  өздерің  қандай  өсиет  айтар
                  едіңдер? Ойларыңды қағазға түсіріңдер.




                         : Мәтінді тыңдаңдар. берілген уақыт ішінде тап-
                         сырмаларды орындауларыңды өтінемін.



            1-мәтін. Уақыт мөлшері: 10 минут.

            1) тыңдаған мәтіннен көріктеу құралдарын теріп жазыңдар.
            2) Ақын баланың тағдырына қалай қарайды? Мәтіннен үзін-
        ді келтіріңдер.


                  : 2-мәтін. Уақыт мөлшері: 15 минут.
                  1) тыңдаған мәтіннен ақынның үміт отын жаққан шу-
                  мақтарын теріп, есте сақтағандарың бойынша, өз сөз-
        деріңмен жазыңдар.


            2) тыңдаған мәтін бойынша өлең жолдарын рет-ретімен ор-
        наластырыңдар.


                             Сырты қырлы, жүзі алмас,
                             Салған дағы жоғалмас                 1
                             Тең құрбыңмен теңеліп,
                             Шаруа жиып кенеліп,
                             Бала сүйіп, мал жиып,
                             Керсеніңе бал құйып,
                             Өмір де сүрер ме екенсің?
                             Жетімдіктен өтерсің,
                             Шаң бермей әлі кетерсің,
                             Сапы асынар ма екенсің?
                             Босағасын борлатқан,
                             Керегесін торлатқан,
                             Тегеріші манаттан,
                             Жібектен ызып бау таққан
                             Үйге кірер ме екенсің?
                             Қажыма, Ақтан, қажыма,
                             Жетерсің, әлі жетерсің!


                                                   71
   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80