Page 73 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 73

: – Дұрыс айтасың, Айзере!



                 : – Менің бір сұрағым бар, Айсұлтан. Неге ақын сұрақ
                 қоя отырып, өзі айтқан жағдайларға тоқталып, жауабын
                 да беріп кетеді?


                  : – Бұл әдебиетте риторикалық сұрау (лепті сұрау) деп
                  аталады. Риторикалық сұрау – ойды, сезімді әсерлі жет­
                  кізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леп­
                  пен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жа­
        уабында  екіұштылық,  шүбәлану  болмайды,  оны  оқушы  іштей
        біліп отырады.
            Мысалы:
                             Балалық өлді, білдің бе?
                             Жігіттікке келдің бе?
                             Жігіттік өтті, көрдің бе?
                             Кәрілікке көндің бе?
                                                                              (Абай)

                 : – Демек, Дулат атамыздың «О, Ақтан жас, Ақтан жас...»
                 өлеңі риторикалық сұраулы сөйлемге құрылған.

                             Ел шаңына ере алмай,
                             Сол бойы кетер ме екенсің?
                             Жапанға біткен жапырақ
                             Жамылсаң тоңар ма екенсің?

            Жоғарыда  көрсетіп  өткеніміздей,  ақынның  ойы  сұрауларға
        толы. «Жетімдіктің белі» – эпитет.


                         : 1-тапсырма. Дулат Бабатайұлы кім? Қай ға сыр-
                         да өмір сүрген? Қысқаша баяндап беріңдер.




                 : 2-тапсырма. Әдеби-теориялық ұғымдарға анықтама бе-
                 рің дер.


                  Эпитет дегеніміз...
                  Риторикалық сұрау дегеніміз...


                                                   69
   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78