Page 68 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 68

Ащы бойына                       «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауы-
                 келгенде, артына                 рында  тұзы  бар  екен,  тұзы  ауыр
                 қарап:                           екен,  бір  түн  түнеп  кетемін  деген
                                                  адам, бір жұма тоқтап қалады екен.
                                                  Тұзы жібермейді екен», – депті.

                         : 6-тапсырма. Тыңдаған мәтіннен сипаттамаларына қарай
                         жер-су атауларын табыңдар.

                             А)  Мына  шіркіннің  топырағы  асыл  екен.  Алты  ай
                         мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Бос
                жылқы  шідерлеп  қойғандай  тоқтайтын,  жылқының  қонысы
                екен...
                    Бұл қай жер?

                    Ә) Сарыарқаның тұздығы екен...
                    Бұл қай жер?

                    Б) Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен.
                    Бұл қай жер?
                    В)  Аттың  төбеліндей  Жалаңаш,  сені  алдыма  өңгерейін  бе,
                артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын? Айналаң аз, онан
                басқа мінің жоқ, табылмайтын жер екенсің.
                    Бұл қай жер?

                    Г) «Он екі қазылық ойтүндік, маңырап жатқан қой түндік.
                Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен», – деп тастап
                кетуге қимай, артына үш қараған екен.
                    Бұл қай тау?

                    Ғ) Шыңғырлау өкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат суарып,
                аунап-қунап кетейік.
                    Бұл қай жер?
                    Д) Өлеңтінің суы – май, Шідертінің шөбі – май.
                    Бұл қай жер?


                          : 7-тапсырма. «ХХІ ғасыр. Асанқайғының жерге айтқан
                          сындары» тақырыбында аңыз әңгіме жазыңдар.



                         : 8-тапсырма. Асанқайғы атаның өнегелі сөздері мен көре­
                         генді  ойларына  өз  пікірлеріңді  білдіріңдер  (арнау,  эссе,
                         тақпақ, шығарма, т.б.)

                                                   64
   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73