Page 69 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 69
ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР БҰЛАҒЫ
: – Тәрбиенің қайнар бұлағы ұлттық дәстүрімізден, атадан
балаға мирас болып келе жатқан рухани мұраларымыздан
басталады.
: – Иә, келісемін. Қазақтың бүгінге жеткен төл рухани
мұрасы ең біріншіден, қазақ елінің ұландары – біз үшін
аса маңызды. Өткенімізді білмей, болашаққа баруымыз
мүмкін емес.
: – Айзере, тарихымыздың әр кезеңіне сәйкес, әдебиеті-
міздің де кезеңдік ерекшеліктері болады.
: – Егер қазақ әдебиетін тарихи өлшеммен бөлсек, төмен
дегідей жіктеледі:
1. Көшпелі тайпалық әдебиет.
2. Ежелгі дәуір әдебиеті.
3. XV–XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті.
4. XIX ғасыр – XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиет.
5. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті.
6. Тәуелсіздік кезең әдебиеті.
: – Дұрыс айтасың, Айзере! Он тоғызыншы ғасырдан
бастап қазақтың жазба әдебиетi – әлеумет халiн ұғып,
ел қамын жақтауға кiрiсiп, өлең бұрынғыша, қызық,
сауық сияқты ермек емес, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат,
мұң, зар сияқты сезiмдердiң басын қосып, жаңадан ой негiзiн,
салт-санасын құрауға кiрiстi, бұл уақытқа шейiн болмаған
әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық нысанасы бой көрсеттi. Бодан
болу, сонымен байланысты туған ел iшiндегi өзгерiстер, қанау
дың күшеюi, халықтың тiршiлiк ету аясының тарылуы, ұлттық
намыстың тапталуы қазақ ақындары шығармаларында кеңiнен
бейнелендi.
65