Page 64 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 64

Сулы Келес, Нұрлы Келес өзендерін
        көргенде:  «Мөңіреуің,  сиыр  болып
        мөңіреуің. Сиыр тұқымы үзілмейтін жер
        екен», – депті.
            Асанқайғы  бүкіл  алты  алаштың
        (қазақтың)  жер-суын,  қонысын  көрем,
        бұларға жағдай туғызамын деп көп заман
        өмірін далада өткізіпті. Жүрген жерінде
        жақсы  қонысқа  да,  жаман  қонысқа  да
        баға беріпті.
            Асанқайғы  Жиделібайсын  жеріне
        қызығып:  «Ай,  Жиделібайсын,  артыма               Асанқайғы ата мазары
        бөктеріп кетер едім, әттең, атым көтере
        алмайды-ау!» – депті.
            ...Шыңғырлауды көргенде: «Ай, Шыңғыр лау, жылқы өзі өскен
        жоқ, Шыңғырлау, сен өсірдің!» – деп үш айналып, Шыңғырлау­
        дың суына қолын малып отырып: «Шыңғырлау өкпелер, аттың
        ерін ал, қонайық, ат суарып, аунап-қунап кетейік», – деген екен.
            «Ай, Жанарыстан, жырымдай суға бола шетте қалдың-ау, есіл
        ерім-ай», – деп бір төбеге келіп жылап тұрған екен. Асанқайғы
        Бекарыс тұқымынан, Орта жүз, қайтыс болған жері Ұлытаудың
        басы болса керек.



                        Желмая – түйенің бағалы тұқымының бірі.
                        Ат төбеліндей – азғана, шағын.
                        Шідер – аттың аяғына салынатын тұсау.

                        Өңгеру – бір нәрсені ердің алдыңғы жағына көл­
                    денең салу.

                        бөктеру – бір нәрсені ердің артына қанжығамен
                    байлау.






                         : 1-тапсырма. Аңыз әңгімеде кездесетін өзендердің
                         аттарын тауып, олардың еліміздің қай жерінде ор­
                         наласқанын дәптерлеріңе жазыңдар.







                                                   61
   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69