Page 62 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 62
АСАнқАЙғЫ (ХАСАн) СәбИтҰЛЫ
14 ғасырдың аяғы – 15 ғасырдың ба
сында ғұмыр кешкен. Қазақтың данышпан,
ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас
биі. Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша,
қазақ халқының болашағын ойлаған «дала
философы». Осындай ойшыл, ел қамын жеп,
қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін
«қайғы» сөзі қосылып аңызға айналып кеткен.
Ол мемлекет қайраткері болған.
Әз Жәнібек ханның ақылшысы.
Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария
жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Жеті
әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі «Асанқайғы мазары» деп
аталады.
Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш. Ш. Уә-
ли ханов, Г.П. Потанин, М.Ж. Көпеев, С. Сейфуллин, М. Әуезов,
тағы басқа ғалымдар айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын
бастыру XIX ғасырдың соңында басталды.
Асанқайғының жерге айтқан сындары
Асанқайғы желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап
жүргенде, әр жерге айтқан сындары мынау екен:
Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым
деп қарап отырмас, қарыным ашты деп жылап отырмас. Сиыр
дың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен», – депті.
Түндікті өзенін көргенде: «Он екі қазылық ойтүндік, маңырап
жатқан қой түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер
екен», – деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан
«Үшқара» атанған екен таудың аты.
Қызылтау деген жерге келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда қой
болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер
екен», – депті.
Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауы
рында тұзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген
адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен», –
депті.
Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің
қоныс болып тұрғаның – мынау ащының арқасы екен. Мал
59