Page 57 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 57
Өшті болған әкеңнен,
Өшімді алмай мен кетпен.
: 10-тапсырма. Шығармадағы сюжеттің композициялық
құрылымын талдаңдар.
: 11-тапсырма.
а) Жырдан кейіпкерлерге (Қобыланды, Қараман, Құртқа,
Қарлыға) мінездеме тауып, дәптерлеріңе жазыңдар. Әр кейіпкер
туралы ойларыңды қорытындылаңдар.
ә) Жырда кездесетін таудың, көлдің аттарын кесте жасап,
толты рың дар.
б) Жырдан көріктеу құралдарын (теңеу, эпитет, гипербола,
метафора) теріп жазыңдар.
: 12-тапсырма.
1. Қобыланды мен Қараманның Көбіктінің қолына тұтқын
болуы. Екі батыр қандай жағдайда Көбікті ханға тұтқын болды?
2. Қарлыға не себепті тұтқындағы батырларға көмектесті?
3. Алшағыр ханның қолында қалған елін құтқару үшін Қо
быланды не істеді? Қобыландының Алшағырды жекпе-жекке
шақырғанынан қандай мінезін көреміз?
: 13-тапсырма.
«Ерлігі еліне арналған...» деген тақырыпта шағын эссе жа
зыңдар. Эсседе Қобыланды батырдың ерліктеріне назар ауда
рыңдар. Батыр туған жері үшін қандай батыл қимыл жасаған?
55