Page 52 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 52
Кеудесінен бөлінді.
Атта қалып бөксесі,
Оқпен ұшып кеудесі
Қобыландыдай батырдың
Қабыл болды тәубесі...
Тізе қосып үшеуі
Көбіктінің көп жылқы
Гулетіп айдап жөнелді...
елін жаудан азат еткен ерлер
Таң атқасын төрт көкжал
Алшағырдың шаһарына,
Қала аузына келеді.
Шаһарға жақын келгенде
Ақсұңқар құстай шүйіліп,
Қабағы тастай түйіліп,
Арыстан туған Қобыланды
Күн шығуға қарамай
Ат қоюға ойланды.
Ата-анасы, ел-жұрты,
Асыра Қыпшақ баласы
Жатқаннан соң байлауда,
Қақпаның келіп аузына
Батыр Қобылан ақырды,
«Алшағыр!» – деп шақырды.
«Ау, Алшағыр, Алшағыр!
Сөзіме құлақ сал, Шағыр!
Менің атым Қобыланды
Әуелі өзің алмай шық,
Арманда қапы қалмай шық!
Қара қасқа атың міне шық,
Оқ өтпес тоның кие шық,
Қарыңа сүңгі іле шық».
Хан болғалы Алшағыр
Асып жүрген айласы
Мұсылманнан қанша ердің
Басын жойған ер еді,
Қобыландының дауысы
Құлағына келеді...
50