Page 47 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 47
Астындағы Бурыл ат
Басын жерге салады,
Қырық үш күн кемдігі
Бурыл атты қамады.
Құртқаның сөзі келді деп,
Батыр Қобылан сынады.
Таң Шолпаны батқанда,
Қызарып күн шыққанда
Дем алам деп азырақ,
Бауырында бір таудың
Қобыланды ұйықтап жатқанда,
Қалаға көк ат еніпті.
Есітті дүбір Көбікті,
Ат барғасын желікті.
«Жау тиді ғой малға», – деп,
Айдауда кеткен жылқының
Соңынан қуып барады.
Жебелі найза қолынан,
Жұлдызы туып оңынан,
Ерте Шолпан батқанда,
Таң сарғайып атқанда,
Тау суындай сарқырап,
Ақ сауыты жарқырап,
«Таста, – деп, – малды» барқырап,
Көбікті жетті соңынан...
Сол уақытта Қараман
Көбіктіні шанышпаққа
Оңтайлады найзасын.
Қараманның найзасын
Денесіне тигізбей,
Көбіктідей батырың
Қолындағы шоқпармен
Допша қағып тастайды.
Ұмтылумен Көбікті
Қараманды ұстады,
Күшіктейін шыңғыртып,
Қараманды Көбікті
Тақымына басады.
Қулық пенен сұмдықты
Көбікті тағы ойлады.
45