Page 46 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 46
Бәрекелді, ер, – деді, –
Найзам тимей дұшпанға
Арманда барам мен, – деді, –
Осы бүгін естідім,
Жақын жерде бір шаһар,
Көбікті дейтін ханы бар.
Жүрсең, соған барайық,
Жылқысын айдап алайық,
Қазаннан алған бұл малды
Баға тұрсын халайық.
Көбікті келсе малына,
Салайын жәбір жанына...
Көбікті де ер, – дейді, –
Қайратымды көр, – дейді, –
Найзам тимей дұшпанға
Арманда барам мен», – дейді.
Қобыландыдай батырың
Мақұл көріп бұл сөзін,
Асып-тасып екеуі
Алланы алмай аузына,
«Барайық десең, жүр», – дейді.
...Гулетіп жылқыны алады,
Айдап жонға салады.
Көбіктінің Тарлан ат
Жылқы ішінде тұр екен.
Жамандатқыр Тарлан ат
Құйрығын құстай тарады,
Бауырынан жарады,
Желкесінен қарады,
Әуеге қарап есінеп,
Ием бе деп кісінеп,
Жау екенін білген соң,
Сыртына құйрық салады,
Қайта айналып шаһарға
Тарлан ат қашып барады.
Жалғаса қуған екеуі
Қарасын көрмей қалады.
Қашып барып Тарлан ат
Шаһарына барып еніпті.
Жетпедім деп Тарланға,
44