Page 49 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 49

Ай тумас жақтан Күн туды,
                               Бұл несі деп қараса,
                               Қара тамды ағартқан
                               Қарлыға қыздың сәулесі.
                               Қарлыға келіп сөйлейді:
                               «Байлауда жатқан қос батыр,
                               Есермісің, сермісің?
                               Бекер жатқан ермісің?
                               Қолыңды шешіп қашырсам,
                               Еліңе барып мақтанып,
                               Қарлыға қыз қашырмай,
                               Өзім қаштым дермісің?
                               Далада жатқан жылқымды
                               Айдап қашқан ермісің?»
                               Қараман сонда сөйледі:
                               «Менің өзім нашармын,
                               Кілттің аузын ашармын.
                               Бұл бейнетті көргенше,
                               Шеш қолымды, Қарлыға,
                               Рұқсат берсең, қашармын».
                               Қобыланды сонда сөйледі:
                               «Өшті болған әкеңнен
                               Өшімді алмай кетпеймін...
                               Қош, Қараман, аман бол,
                               Қайтасың ба елдерге,
                               Бізден сәлем дегейсің,
                               Қараспан тауды жайлаған
                               Қалың Қыпшақ елдерге!»
            Әлқисса, Қобыланды бұл сөзді Қараманға айтып болғасын:
                               Қарлығадай сұлуың
                               Шықпас ойын білгесін...
                               Қараман мен Қарлыға
                               Лабақтың келіп алдына,
                               Қыл шылбырмен бұрау сап,
                               Бурыл аттың санына,
                               Құлындай қылып шыңғыртты
                               Жәбір қылып жанына.
                               Бурылдың дауысын есітіп,
                               Қобыландыдай батырың
                               Салды ойран тамына,


                                                   47
   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54