Page 44 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 44

Қазанның Сырлы қаласын
                                       Бұзып-жарып Қобылекең,
                                       Он екі күн дегенде
                                       Жалғыз жанды құтқармай
                                       Айдап шықты далаға.
                                       Сырлы қаланы алады,
                                       Адамын жөнге салады.
                                       Қасқарлық таудың басына,
                                       Бұлаңдаған Бурылмен
                                       Батыр Қобылан шығады,
                                       Құртқаның сөзін сынады.
                                       Жан-жаққа көзін салады,
                                       Батырдың көзі шалады,
                                       Қалың қият – көп қосын
                                       Он екі күн дегенде
                                       Олар да келіп қалады.
                                       Өзі жатқан Қазанның
                                       Қырлы дейтін қаласын
                                       Қырық мың қолды әскермен
                                       Алты қабат орының
                                       Сыртынан орап алады.
                                       Қараман атты батырың,
                                       Аламын деп ала алмай,
                                       Қарғытып ішке ене алмай,
                                       Үш күн тұрып сыртында
                                       Болдыра алмастай болған соң,
                                       Енді атына мінеді,
                                       Тауда жатқан батырға
                                       Қараман өзі келеді.
                                       ...Қараман, Қобылан қосылып
                                       Қосынға келіп енеді.
                                       Ордың шығып басына,
                                       Қаланың келіп қасына,
                                       Қобыландыдай батырың...
                                       Бурыл атқа «шу!» деді,
                                       Алты қабат орынан
                                       Жетінші қабат қалаға
                                       Қояндай ырғып жөнеді.
                                       Ортасына шаһардың
                                       Бурылы барып топ етті.


                                                   42
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49