Page 39 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 39
Тілімді алса сұлтаным,
Бұл сапарға бармасын,
Бұл олжадан алмасын.
Көп жылады дегейсің
Үйдегі нашар жолдасың!
...Сұлтаныма сәлем де,
Тілімді алса бармасын,
Біз байлаған Бурылда
Қырық үш күндік кемдік бар.
Мынау сөзді естіп,
Қобыланды келді құрдасқа,
Жүремін деп жолдасқа.
Қобылан сонда сөйлейді:
– Бұл сапарға бармаймын,
Бұл олжадан алмаймын,
Саған да сәлем көп айтқан:
«Құрдасым көңілі қалмасын,
Өтініш қылып зарлаймын».
...Қараман сонда сөйлейді:
– Бұл барғаннан барсақ біз,
Қазандағы сұлудың
Қалың тобын жарсақ біз,
Құйын да перен салсақ біз.
Біз Қазанды өлтіріп,
Қаласын бұзып алсақ біз,
Еркек болып не етеміз,
Әртарапқа шығарда
Қатынға ақыл салған соң,
Асыл туған Қобыланды
Қатынның тілін алған соң,
Неше батыр болса да,
Басында билік жоқ адам
Арыстан туған, құрдасжан,
Ол – қатын емей, немене?!
Қараман бұл сөзді айтқасын,
Қобыландыдай батырдың
Тері тамып иектен,
Түгі шығып білектен...
...Неше бір құрдас айтса да,
Қараманның бұл сөзі
Өтіп бір кетті сүйектен.
37