Page 41 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 41

Құданың көп-дүр кеңдігі.
                               Үш ұшар ең аспанға,
                               Бір ұшуың кем болды.
                               Мен қайтейін, Бурылжан,
                               Қырық үш күннің кемдігі».



                      қобыланды батырдың жорыққа аттануы


                               ...Жиылған жұртпен қоштасып,
                               Қобыланды сынды батырың
                               Тайбурыл атқа мінеді,
                               Беліне семсер іледі.
                               Ақ сауытын бөктеріп,
                               Дүйсенбі күні сәскеде
                               Қараспан тауын бөктерлеп,
                               Кешегі кеткен қияттың
                               Қобыландыдай батырың
                               Соңынан желіп жөнелді.
                               ...Қобыланды сынды батырдың
                               Көңілі бітіп Бурылға:
                               «Шырағым, Бурыл, шу!» – деді,
                               Құбылып Бурыл гуледі...
                                ...Жетемін деген Қобыланның
                               Жоқ еді тіпті есінде.
                               Бұлаңдаған Бурылмен
                               Артық туған Қобыланды
                               Аңқытып жетті бесінде.
                               ...Қобыланды гулеп жөнелді
                               Көп қиятқа қарамай,
                               Қалың қият – көп қосын,
                               Бәрі қалды артында
                               Бірі еруге жарамай.
                               Сонда Бурыл гуледі,
                               Табаны жерге тимеді,
                               Көлденең жатқан көктасты
                               Тіктеп тиген тұяғы
                               Сазбалшықтай иледі.
                               Аманбайдың ақ тікен,
                               Асып Бурыл жөнелді,
                               Қарсы келген қабақтан,


                                                   39
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46