Page 42 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 42
Қарғи басып жөнелді.
Сеңгір-сеңгір таулардан
Секірте басып жөнелді.
Ол төбе мен бұл төбе,
Бауыры шұбар Күлтөбе,
Онан да өтіп жөнелді.
Қамыстының қазды көл,
Қоғалының қулы көл,
Шегендінің желді көл,
Шабақтының шаңды көл,
Қызғыштының Қызды көл,
Құмыра, Қотан, Қоскөлден,
Айналасы бес көлден,
Бәрінен өтіп жөнелді,
Күдерінің белінен,
Бесінде өтті дөңінен.
Барлы, барлы, барлы тау,
Басы биік қарлы тау,
Хан жайлаған Қаратау,
Би жайлаған Алатау,
Онан да өтіп жол шекті-ау.
Бір шауып, бір желеді,
40