Page 40 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 40
...Қатуланып, қаттанып,
Буырқанып, бұрсанып,
Мұздай темір құрсанып,
Қабағынан қар жауып,
Кірпігіне мұз тоңып.
Бұлаңдаған Құртқаның
Сөзге сынық қылдың деп,
Егер шықса алдынан,
Басын кесіп алмаққа.
Үйде отырған қыз Құртқа
Дүбірін аттың есітті.
Екпіні қатты кім болсын,
Сұлтаным-дағы десіпті.
Шылбырынан жетелеп,
Бурыл атты қыз Құртқа
Қобыландының алдынан –
Қобыландыдай бөрінің
Бұлаңдаған сұлуың,
Алдынан кетіп барады.
Туғалы күнді көрмеген,
Түнектен шыққан Тайбурыл
Айдалаға шыққан соң
Түлкідей көзі жайнайды,
Көлденең жатқан көктасты
Сулығым ғой деп шайнайды.
Он екі құлаш кезеңнен
Атылып, Бурыл ойнайды.
Қыз Құртқаны көтеріп,
Бурыл көкке екі ұшты.
Салмағымен қыз Құртқа
Алып жерге бұл түсті.
Жазығы әйел демесең
Қыз Құртқа да тым күшті!
Сол уақыттар болғанда
Батыр жанына келгенде,
Қамығып Құртқа сөйлейді:
«Асқар төбе белдігі,
Аздың бар ма теңдігі,
Құрдастың бар ма елдігі?!
Жалғыздарға жар болған
38