Page 38 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 38

пе?»  –  деп,  елінен  аттанып  шығады.  Әлқисса,  Қараман  батыр
                Қазанды алуға бара жатқандығын айтқан жері:

                                       – Мен Сейілдің ұлы Қараман,
                                       Қазанға кетіп барамын,
                                       Жүрмеймісің құрдасым,
                                       Қазанның салған шәріне
                                       Сапар тартып жол шектім,
                                       Жүрмеймісің, жолбарысым?
                                       Жүрмейсің бе, құрдасым,
                                       Осы қылған сапарға
                                       Кетемін ертіп сені деп,
                                       Әдейі келдім, жолбарысым!
                                       Сонда Қобылан сөйлейді:
                                       – Мінетін атым қолында,
                                       Барар-бармас жолымды,
                                       Хабар салып алайын,
                                       Үйдегі Құртқам біледі,
                                       Жан серік атым қолында.
                                       Бағымды бастан алмасын,
                                       Алды-артымды шалмасын,
                                       Қияметтік жолдасым,
                                       Үйдегі Құртқам біледі.
                                       ...Таң сарғайып атқанда,
                                       Шолпан жұлдыз батқанда,
                                       Ақ отаудың ішінде
                                       Құртқажан ұйықтап жатқанда,
                                       Естеміс келіп сөз қатты...
                                       Сонда сұлу қыз Құртқа,
                                       Көтеріп басын сөйледі.
                                        – Жұмсады ма сіздерді
                                       Үйдегі Бурыл тұлпарға?
                                       Дұғай сәлем дегейсің,
                                       Қарамандай құрдасқа,
                                       Заманы бірге сырласқа,
                                       Жылы бірге жылдасқа,
                                       Жауы бірге мұңдасқа.
                                       Атының күні толмай тұр,
                                       Зор салмасын жолбарысқа.
                                       ...Әуелі Құдай алмасын,
                                       Алды-артымды шалмасын,

                                                   36
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43