Page 33 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 33

Айдалып бағып жайылды.
                             Төрт түлік малдың бәрі сай,
                             Жаз жайлауы – Көзді көл.
                             Көзді көлді жайлаған
                             Қалың қыпшақ жағалай.
                             Тоқтарбайдың дәулеті –
                             Ішкен мас, жеген тоқ,
                             Бай-кедейдің көңілі жай.
                             Қыс қыстауы Қараспан,
                             Ат үйірінен адасқан.
                             Қалың қыпшақ тізіліп,
                             Қонса қоныс жарасқан.
                             Әліп таңба қыпшақтың
                             Атағы озған алаштан.
                             Сексенге жасы келгенше,
                             Бір бала көрмей Тоқтарбай,
                             Қайғыменен қан жұтып,
                             Ақылынан адасқан.
                             ...Әулиеге ат айтып,
                             Қорасанға қой айтып,
                             Қабыл болған тілегі,
                             Жарылғандай жүрегі.
                             Аналықтай бәйбіше,
                             Қабырғасы майысқан.
                             Елуге жасы келгенде,
                             Көзім ашпай дүниеден,
                             Өтемін бе дегенде,
                             Сонда көрген арыстан:
                             Бір ұл, бір қыз атадан,
                             Қыздың аты – Қарлығаш,
                             Қобыландыға қарындас.



                              қобыланды мен құртқа қыз

                             Естеміспен екеуі,
                             Қонып жатса бір тауда,
                             Намазшамнан өткенде,
                             Құтпан мезгіл жеткенде,
                             Құлағына батырдың
                             Бір дауыс көп шулайды.


                                                   31
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38