Page 37 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 37

Құртқа сынды сұлуың
                             Күймеден басын шығарып,
                             Жылқыға көзін салады.
                             Құртқаның көзі шалады.
                             Тоқтатып қойып күймесін,
                             Биені көріп сынады.
                             – Мынау жатқан көп жылқы
                             Кімдікі? – деп сұрады.
                             – Сонау тұрған биені
                             Мені берсең де алғын, – деп,
                             Батырға әмір қылады.
                             Құртқа сұлу күймеден
                             Қарғып түсіп, биені
                             Маңдайынан сүйеді.
                             Көшіне тіркеп жөнеді,
                             Көкала бие дөңбекшіп,
                             Домаланып сұлады.
                             ...Сонда жатып құлындап,
                             Бурыл тұлпар туады.
                             Тұяғын жерге тигізбей,
                             Құртқа сынды сұлуың,
                             Алтын тонға орады.
                             Аршын басты Бурылы,
                             Қабырғада қанаты,
                             Сұлтанының жан аты.
                             Күн түсірмей көзіне,
                             Жел тигізбей өзіне,
                             Үстіне шатыр тіккізді...



                         қобыланды мен қараман батырдың
                                 қазанға қарсы жорығы


            Әлқисса, сол кезде Қызылбастың елінен Қазан деген ер шығып,
        Ноғайлының жерін, Қырлы қала, Сырлы қала деген екі қаласын
        тартып алды. Қырлы қалаға бектерін, Сырлы қалаға жендеттерін
        жатқызып, жатып алды дейді.
            ... Қазанның бұл хабарын төменгі қырық мың үйлі қиятта
        Сейілдің ұлы Қараман естіп, атадан ер боп туғасын, «Ноғайлының
        жеріне Қызылбастарды қондырып қоюымыз сүйекке таңба емес


                                                   35
   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42