Page 36 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 36

Көктім Аймақ атасы
                                     Қыз Құртқаны бергені.
                                     ...Алтынмен ішін безеген,
                                     Сырты күміс ақ отау
                                     Келістіріп түзеген,
                                     Арттыруға сайланды.
                                     Қырық түйе қазына,
                                     Қырық құл мен қырық күң
                                     Қосып берді қызына.
                                     Ел-жұртымен қоштасқан
                                     Құртқа сынды-ай сұлудың
                                     Жұрт таңғалды назына –
                                     Сөйлеген сөзі базына.
                                     Көктім Аймақ көрісіп,
                                     ...Атасымен қоштасып,
                                     Құртқаны алып ұзатып,
                                     Елге қарай жөнелді.

                                        тайбурылдың тууы, өсуі


                                     ...Бір күндері болғанда,
                                     Қара жолдың үстінен
                                     Қалың жылқы жарылып
                                     Екі жақта қалады.































                                                   34
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41