Page 31 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 31
Сөздің мағынала Таудың басына шықтым де
Ауыспалы
мағына- рын ауыстырып, генде бас сөзі өз мағынасын
дағы сөздер басқа мағынада да емес, ауыспалы мағынада
қолдану. тұр.
Кейіпкердің бет Ақсұңқар құстай шүйіліп,
Портрет әлпетін, жүріс- Қабағы тастай түйіліп,
тұрысын суреттеу. Арыстан туған Қобыланды...
типтік бейне – көркем шығармада адам өмірі, басқа
адамдармен өзара қарым-қатынасы, наным-сенімдері,
ойы мен сезімдері, мінез-құлықтары суреттеледі. Көр
кем әдебиеттегі жинақталған адам образы – типтік бей
не деп аталады. Мысалы, Қобыланды батыр бейнесі сол
замандағы барлық батырларға тән ержүректік, еліне
деген сүйіспеншілік, батырлық сияқты қасиеттер жи
нақталған бейне.
Прототип (грек. prototypon – түп, төркін бейне) – көр
кем шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек,
негіз болатын, өмірде болған адам, яғни өмірде бар
бастапқы, түпкі тұлға.
«қобыланды батыр» жыры – қазақ халық ауыз әдебиетін
дегі көркемдігі ерекше жырлардың бірі. «Қобыланды батыр» –
қазақ халқының қаһармандық эпосы. Негізгі мазмұны –
шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көр-
сеткен ер-азаматтардың батырлық істерін көрсету. «Қобыланды
батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жыр
дың бізге 29 нұсқасы жеткен. Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобы
ланды батырдың ерлігі жайында, ал 3 нұсқасы Қобыландының
балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.
«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін
Қарлыға қыздың достығы, махаббаты, ерлік істері жайында тағы
бір жыр бар. Бұл нұсқалардың көбісі кейінгі кезде жинақталған.
Осы нұсқалардың барлығы да оларды алғаш хатқа түсіріп, оны
жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен аталған. Мысалы,
Марабай нұсқасы немесе Мергенбай нұсқасы. Бұл жырдың 1884
жылы араб әрпімен жазылған түпнұсқасы Қазан мемлекеттік
29