Page 27 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 27
«қобЫЛАндЫ бАтЫР» ЖЫРЫ
: – Әдебиеттің ертегілерден кейінгі ерекше жанры –
батырлар жыры. Батырлар туралы қазақ халық ауыз әдебиетінде
көптеген жырлар бар. Батырлар жыры – ерлікке, батылдыққа,
қаһармандыққа құрмет негізінде туған шығармалар.
: – Иә, батырлық жырлар немесе қаһармандық эпос деп
аталатын халық шығармаларының бір тобымен танысамыз. Ба
тырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты
қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жау
ларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар
мен тартыстарды бейнелеп береді. Бас кейіпкердің жүріс-тұры
сына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат
етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып,
соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тари
хи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне
түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру
тән.
батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай
ірі үш топқа бөлуге болады:
Ең көне
заманғы эпос:
«Ергенеқон», Тарихи
«Аттила» эпостық кезеңдердің эпосы:
жырлары Түрік қағанаты, Оғыз
хандығы, Ноғайлы дәуірі,
Қазақ хандығы кезеңіндегі
эпостар: «Қорқыт Ата
кітабы», «Алпамыс»,
«Қамбар», «Қобыланды», Жаңа дәуір
«Ер Тарғын», т.б.
эпосы: «Еспен
бет», «Өтеген»,
«Нарқыз»
25