Page 28 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 28
: – Эпос гректің баяндау, әңгімелеу деген мағына
дағы сөзінен шыққан. Эпос сөзі әдебиетте екі мағынада қол
данылады. Бірі – әдебиет жанры, екіншісі – халық ауыз әде-
биетінің жырлары. Әдебиетте жанрды үш текке бөліп
қарастырамыз.
: – Иә, Айзере, дұрыс айтасың. Әдебиеттің жанрлық түр
лерін әдеби тектер деп атаймыз.
әдебиет тектері
ЭПоС (баяндау деген мағынада) – көркем әдебиетте
өмірді суреттеу тәсілі оқиғаны баяндап жеткізуге негіз
делетін шығармалар тобы. Эпостық шығармада әртүрлі
кейіпкерлердің іс-әрекетін, хал-жағдайын, мінез-қа-
сиеттерін, өзара қарым-қатынастарын суреттеп көрсетуге
мүмкіндік мол. Ерте дәуірлерде эпос деп батырлар жыры
сияқты көлемді поэзиялық туындыларды атаған. Қазір
де ауыз әдебиетінің осындай үлгілері (батырлар жыры,
тұрмыс-салт жыры, тарихи жырлар) эпос деп аталады.
ЛИРИКА. Лирикалық шығармада негізінен алған
да жеке адамның көңіл күйі, сезімі суреттеледі. Ақын
көбінесе өз жайын, өзінің айналадағы өмірге, әртүрлі
құбылыс, жағдайларға көзқарасын сипаттайды.
дРАМА (грек. drama – қимыл-әрекет) – сахнаға ар
налған оқиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әре
кетін, көңіл күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби
шығармалар.
ДРАМА
ЭПОс Трагедия,
Миф, ертегі, комедия,
аңыз, әңгіме, ЛИРИКА драма.
повесть, поэма, Салт жырлары,
роман. жан-жануарлар туралы
жырлар, өлең, терме,
толғау, тақпақ,
арнаулар, т.б.
26