Page 29 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 29
1. Ертегі мен аңыздың айырмашылығы неде?
2. Батырлар жырының қандай түрлері бар? Оларды не
үшін мұндай топтарға жіктеген?
3. Жанрдың қандай түрлері бар? Батырлар жыры мен ер
тегілер қандай жанрға жатады?
: – Әдеби тілдің көркемдігін айқындайтын көріктеу құрал
дары болады. Көркем шығарманың көркемдігі мен тілінің әсер
лілігі осы көріктеу құралдарының қолданылуына байланысты.
Әдебиетте мұндай көріктеу құралдарын троп дейді. троп
(гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қол
данысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның
ауыспалы түрде қолданылу тәсілі. Сөздерді тура мағы
насында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты
бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып та
былады.
Ғалым пiкiрi
А. байтұрсынұлы:
«Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрсе-
дей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның
сана-саңылауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек.
Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі
әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа
бөлінеді: 1. Көріктеу. 2. Меңзеу. 3. Әсерлеу».
Тілде троп түрлері өте көп, ол екі нәрсенің не құбы-
лыстың бір-бірімен сабақтастығы мен арақатынасын
ашу негізінде жасалады (метонимия, синекдоха). Сипат-
талатын құбылыстың белгілерін екінші бір құбылыс
ерекшеліктеріне ұқсату, ауыстыру тәсілі негізінде туын
дайды (метафора, теңеу). Сондай-ақ троп бір нәрсені
үлкейту не кішірейту, не сықақтау немесе қарсы мағы
нада сипаттаумен, әсірелеу сарынымен де шендеседі
(гипербола, литота, кейіптеу, ирония).
27