Page 25 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 25
Кендебайды тартып жатқан соның лебі екен. Кендебай
алты құлаш алмас қылышын көлденең ұстай қояды.
2) Хан мен Кендебайдың татуласып, Мергенбай батырды
құт қа руына себеп болған оқиғаны дәптерлеріңе қысқаша жазып
шығыңдар.
3) a) Кендебай қолына жүз батпан шоқпарын алып, Керқұла
аттың барлық шабысымен дәуге қарсы шаба жөнеледі. Кенде-
бай осы шапқан бетте қандай кедергілерді жеңіп шығады?
ә) мойындары ырғайдай, сирақтары шидей болып деген
кімнің бейнесі?
Ырғай дегеніміз не?
Ши дегеніміз не?
4) естігендерің бойынша төменде берілген оқиғалар тізбегін
ретімен орналастырып, оқиғалардың қай кейіпкермен байла-
нысты екендігін анықтаңдар.
1. Кендебай өзеннен өтіп, Керқұланың қылын тұтатқан
кезде ат жетіп келеді. 2. Кендебай қолына жүз батпан шоқ-
парын алып, Керқұла аттың барлық шабысымен дәуге қарсы
шаба жөнеледі. 3. Бір уақытта Кендебай арыстанның апандай
аузын көреді. 4. Кендебайды тартып жатқан соның лебі екен.
24