Page 43 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 43
Құбылып ойнап жер басып,
Дөңгеленіп келеді.
Садақтың бауы сартылдап,
Арандай аузын ашады,
Аяғын топ-топ басады.
Бір төбенің тозаңын
Бір төбеге қосады.
Кешке таман Тайбурыл
Жын қаққанға ұқсады,
Құлан менен құлжаның,
Ұзатпай алдын тосады,
Көл жағалай отырған,
Көкқұтан мен қарабай
Көтеріліп ұшқанша,
Белінен басып асады.
Дуадақ пен жек қалды,
Әлде өтірік, әлде шын
Ақ қарабас, лашын,
Өлген құсты жеп қалды.
Ебелек ұшпас елсізден,
Көбелек ұшпас көлсізден,
Құла мидай шөлдерден,
Адам жүрмес жерлерден,
Батпақ, лай көлдерден,
Асқар-асқар белдерден
Жалғыз шауып жол шекті.
қобыландының Сырлы қала мен
қырлы қаланы алғандағы ерлігі
…Намаздыгер өткенде,
Намаз ақшам жеткенде,
Қазанның Сырлы қаласын
Қобыланды батыр көреді.
Бес ағаштың түбінде,
Қазанның алған жылқыға
Аңқытып келіп жолықты.
Жылқыны қырға шығарып,
Қазанның Сырлы қаласын
Қайта айналып шабады.
41