Page 50 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 50

Тамды бұзып Қобыланды
                                       Далаға шықты қабына.
                                       Қобыланды батыр шыққан соң,
                                       Өзінің енді хал-жайын
                                       Батырға айтты Қарлыға:
                                       «Дүниенің кеңдік, тарлығы
                                       Басыма менің түсіп тұр –
                                       Ғашықтықтың зарлығы.
                                       Сеніменен бірге өлсем,
                                       Анамның айтқан өсиеті
                                       Болады кәміл барлығы.
                                       ...Уағда байлап, қол беріп,
                                       Тайбурылға мінгізді.
                                       Қарлыға бұл сөзді айтқасын,
                                       Енді атына мінеді,
                                       Бадана көзді ақ сауыт
                                       Денесіне киеді.
                                       Беліне байлап болатты,
                                       Қарына найза іледі,
                                       Қараман мен екеуі
                                       Көбіктінің көп жылқы
                                       Және сүзіп жөнелді.
                                       Құба белден өткенде,
                                       Сара өзенге жеткенде,
                                       Көбіктінің Тарлан ат
                                       Әуеге қарап есінеп,
                                       Ием бе деп кісінеп,
                                       Жау екенін білгесін,
                                       Сыртына құйрық салады,
                                       Көк ат қашып барады...
                                       Аңдып тұрған Қарлыға
                                       Көбіктіге келіпті:
                                       «Ұйқыңды бұзба, атажан,
                                       Мал иесі жануар
                                       Жем жеймін деп келіпті».
                                       Көбіктіні жатқызып...
                                       Ақмоншақ атқа мінеді,
                                       Беліне семсер іледі,
                                       Қобыландының соңынан
                                       Дөңгелетіп жөнелді...


                                                   48
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55