Page 53 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 53

Шыдай алмай Алшағыр
                                  Алтын тұрман ер салып,
                                  Енді атына мінеді.
                                  ...Сол уақыттар болғанда
                                  Қобылекең келді бұл жақтан
                                  Тайбурыл атты ойнатып.
                                  Бермейміз деп намысты,
                                  Екі батыр екпінмен
                                  Жақындасып қалысты.
                                  Өшігіп жүрген батырлар
                                  Бір ауыз сөзге келмей-ақ,
                                  Еменнен найза салысты,
                                  Біріне-бірі ұмтылып,
                                  Он саусағы қарысты.
                                  Қанжарменен қармасты,
                                  Семсерменен серместі.
                                  От шығады ұртынан,
                                  Үмітін үзді Алшағыр
                                  Шаһары, байтақ жұртынан.
                                  Қобыландыдай батырың
                                  Найзасын ырғап ендірді.
                                  Алшағырдай дұшпанын
                                  Ат сауырына міндірді...
                                  ...Тоқтар басы көп қыпшақ
                                  Келіп қонды баяғы
                                  Алшағыр шауып зарлатып,
                                  Бөлініп көшкен жеріне...
                                  Артық туған Қобыланның
                                  Ісі келді жөніне,
                                  Келмеді дұшпан шеніне,
                                  Қалмақтан алған көп олжа
                                  Әділдікпен батырың
                                  Жиып алып көп халқын,
                                  Бөліп берді еліне,
                                  Риза болды бәрі де
                                  Қобыланды сынды еріне...


                         :  1-тапсырма.  Батырлық  жырлар  көне  заманда
                         жазылған дықтан, жырдың мазмұнында көптеген
                         тарихи сөздер кездеседі.



                                                   51
   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58