Page 58 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 58

Оның жаудан жерді қорғауына кімдер көмектесті? Өздерің туған
                жерлеріңді қорғау үшін, туған жеріңнің өркендеуі үшін не істер
                едіңдер?



                          : 14-тапсырма.


                    Жырдан үзінді келтіре отырып, Қобыландының ерекшелігін
                дәптерлеріңе жазыңдар.



                                   Ержүрек
                                   Батыл

                  қобыланды        Аңғал

                                   Намысшыл
                                   Ашуланшақ


                         : 15-тапсырма.

                         Тайбурылдың шабысын жаттап ал.

                                          ...Сонда Бурыл гуледі,
                                          Табаны жерге тимеді,
                                          Көлденең жатқан көктасты
                                          Тіктеп тиген тұяғы
                                          Сазбалшықтай иледі.
                                          Аманбайдың ақ тікен,
                                          Асып Бурыл жөнелді,
                                          Қарсы келген қабақтан,
                                          Қарғи басып жөнелді.
                                          Сеңгір-сеңгір таулардан
                                          Секірте басып жөнелді.
                                          Ол төбе мен бұл төбе,
                                          Бауыры шұбар Күлтөбе,
                                          Онан да өтіп жөнелді.
                                          Бір шауып, бір желеді,
                                          Құбылып ойнап жер басып,
                                          Дөңгеленіп келеді.
                                          Садақтың бауы сартылдап,
                                                   56
   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63