Page 56 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 56

Не  себепті  Тайбурылдың  43
                 күндік кем дігі болды?
                 43 күндік кемдік Тайбурылға
                 бөгет болды ма?



                          : 8-тапсырма. Жырды оқи отырып, Қобыланды мен Қа­
                          раманның іс-әрекеттерін бағалап, мінездеме беріңдер.





                         :  9-тапсырма.  А)  Берілген  портрет  қай  кейіпкердікі?
                         Кейіпкер неге ашуланды?


                                        Қатуланып, қаттанып,
                                        Буырқанып, бұрсанып,
                                        Мұздай темір құрсанып,
                                        Қабағынан қар жауып,
                                        Кірпігіне мұз тоңып.


                    Ә) Кейіпкер кімге айтқан? Не себепті айтты?


                                        Жүрмейсің бе, құрдасым,
                                        Осы қылған сапарға
                                        Кетемін ертіп сені деп,
                                        Әдейі келдім, жолбарысым!



                                        Сұлтаныма сәлем де,
                                        Тілімді алса бармасын,
                                        Біз байлаған Бурылда
                                        Қырық үш күндік кемдік бар.



                                        Дүниенің кеңдік, тарлығы
                                        Басыма менің түсіп тұр –
                                        Ғашықтықтың зарлығы.
                                        Сеніменен бірге өлсем,
                                        Анамның айтқан өсиеті
                                        Болады кәміл барлығы.

                                                   54
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61