Page 51 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 51

Басын қосып үшеуі
                               Бір төбеге барады.
                               Қобыландыдай батырға
                               Қарлыға сұлу сөйлейді:
                               «Оған қылар амалы
                               Кіндігінің тұсында
                               Кем соғылған төрт көзі –
                               Жел соғарлық самалы.
                               Мерген болсаң, батырым,
                               Кіндікті байлап атпасаң,
                               Басыңа салар қараны».
                               Қараман естіп бұл сөзді
                               Тоқтамайды табаны.
                               Қарлыға менен Қараманды
                               Ілгері қарай жөнелтіп,
                               Жолын тосып Көбіктінің
                               Қобыланды тосып тұрады...


                            қобыландының Көбіктіні жеңуі

                               Ертең Шолпан батқанда,
                               Қызарып таң атқанда,
                               Тау суындай сарқырап,
                               Ақ сауыты жарқырап,
                               Қобыландының тұсынан
                               Көбікті өтіп барады.
                               Көбіктіні көрген соң,
                               Көтеріліп Қобыланды
                               Айғай салып ақырды,
                               «Кел, бері!» – деп шақырды...
                               Қорамсаққа қол салды,
                               Қалмақы ердің қасы деп,
                               Нақ кіндіктің басы деп,
                               Қыз айтқан жердің тұсы деп,
                               Өлер жерің осы деп,
                               Қобыланды тартты бір оқты...
                               Бір де болса, ірі оқты.
                               Жанына азап берілді,
                               Азап емей, немене?
                               Көбіктінің бөксесі


                                                   49
   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56