Page 59 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 59

Арандай аузын ашады,
                                  Аяғын топ-топ басады.
                                  Бір төбенің тозаңын
                                  Бір төбеге қосады.
                                  Кешке таман Тайбурыл
                                  Жын қаққанға ұқсады,
                                  Құлан менен құлжаның,
                                  Ұзатпай алдын тосады,
                                  Көл жағалай отырған,
                                  Көкқұтан мен қарабай
                                  Көтеріліп ұшқанша,
                                  Белінен басып асады.
                                  Ебелек ұшпас елсізден,
                                  Көбелек ұшпас көлсізден,
                                  Құла мидай шөлдерден,
                                  Адам жүрмес жерлерден,
                                  Батпақ, лай көлдерден,
                                  Асқар-асқар белдерден
                                  Жалғыз шауып жол шекті.









































                                                   57
   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64