Page 70 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 70

: – Билеушiлерге қарсы наразылықты ашық айтқан шын­
                         шыл  поэзия  туды,  адамды  суреттеудiң  жаңа  тәсiлдерi
                         қолданылды. Осы қатардағы ақындарды заман қайғысы,
                         өткендi ойлап торығу, алдағы өмiрден шошыну зары бiрiк­
                тiрдi. Бұл сарынның көрнектi ақындары – Дулат Бабатайұлы,
                Шортанбай  Қанайұлы,  Мұрат  Мөңкеұлы,  Кердерi  Әбубәкiр
                Шоқанұлы, т.б. халықтық поэзияның түрлерiн жетiлдiрдi.


                          : – «Зар заман ақындары» қазақ әдебиеттану ғылымына
                          алғаш рет (1927) М. Әуезов енгізген ұғым. Олар зар за­
                          ман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ
                халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар. Зар заман
                ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шор­
                танбай  Қанайұлы,  Мұрат  Мөңкеұлы,  Әбубәкір  Кердері,  Албан
                Асан, т.б.
                    М. Әуезов «Зар заман ақындары дәуірін» Абылай хан тұсы­
                нан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нармамбет ақынмен
                аяқтайды.



                         :  –  Олай  болса,  қымбатты  достар,  зар  заман  ақындары
                         шоғырының  аса  көрнекті  өкілі  Дулат  Бабатайұлы  ата-
                         мыздың өмірі және шығармашылығымен танысайық.


                                        дУЛАт бАбАтАЙҰЛЫ
                                               (1802–1874)

                    Қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі Дулат
                Бабатайұлы  1802  жылы  қазіргі  Шығыс  Қазақстан  облысының
                                           Аягөз ауданында дүниеге келген.
                                              Дулат өз буынының алды, аса зерделі
                                           адам  болған.  Ауыл  молдасынан  оқып,
                                           мұсылманша сауат ашқан Дулат ақындық
                                           өнерді  ерекше  қастерлеген  аймақта  өмір
                                           сүрген.
                                              Бұқар  мен  Ақтамберді  жырауларды
                                           ұстаз тұтқан, көне түркі поэзиясынан тағы­
                                           лым алған, өлеңді суырып салып та, жазып
                                           та шығарған Дулат қазақ поэзиясын маз­
                                           мұн,  тақырып  жағынан  барынша  байыта

                                                   66
   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75