Page 78 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 78
мектептерін ашады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан
экономика, ауыл шаруашылығы, қолөнер кәсіпшілігі салалары
на қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш
жұмсайды. 1879 жылы оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқу
лығы және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы»
еңбегі жарық көрді. Ы. Алтынсарин патша өкіметінің жергілікті
халыққа қысым жасайтын жүгенсіз саясатын айыптап отырды.
Оған 1880 жылы «Оренбургский листок» газетінде жарияланған
мақалалары айқын дәлел. Ол өз ғұмырының соңғы кезінде: «Мен
түбегейлі терең сеніммен туған халқыма шамамның келгенінше
пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын», –
деп жазды. 1889 жылы Ыбырай Алтынсарин ауыр науқастан
қайтыс болды.
: 1-тапсырма.
1. Ыбырай Алтынсариннің басқа қандай шығармаларын
білесіңдер?
2. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармаларына байла
нысты деректерді қосымша материалдарға сүйене отырып, то
лықтырыңдар.
3. Не себепті қазақ әдебиетінде 19 ғасырдың басында ағар
тушылық бағыт дамыды? Олардың ірі өкілдері кімдер болды?
Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының көбі ша-
ғын әңгіме түрінде берілген. Жазушы ретінде қазақ
әдебиетіндегі әңгіме жанрының қалыптасуына ықпал
етті.
әңгіме – эпос жанрының шағын түрі. Әңгіменің
жанр лық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, компо
зициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі
арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіп-
керлер саны аз, сюжет ұйтқысын құрайтын оқиғаның
басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда
адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген
оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға
қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге
орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды
73