Page 12 - Оқу құралы ТЕРМОЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА. ТОКАМАК
P. 12

атом энергетикасынан мың есе аз көлемде қолданылатын термоядролық энергия
            экологиялық  таза  болады.  Ал  ықтимал  авариялық  жағдайларда  термоядролық
            электр  станциясының  жанындағы  радиоактивті  фон  табиғи  көрсеткіштерден
            аспайды.  Бұл  ретте  термоядролық  отынның  салмағының  бірлігіне  органикалық
            отынның  жануынан  шамамен  10  млн.  есе  және  уран  ядроларының  бөлінуінен
            шамамен 100 есе көп энергия алынады.
                   Бұл дереккөз іс жүзінде сарқылмайды, ол сутегі ядроларының соқтығысуына
            негізделген, ал сутегі - әлемдегі ең көп таралған зат. Бұл мәселені  2.1-суреттегі
            КСРО-да  И.  В.  Курчатов,  А.  Д.  Сахаров,  И.  Е.  Тамм,  Л.  А.  Арцимович,  Е.  П.
            Велихов ғалымдары шешті .














                   2.1  –  сурет.  КСРО  ғалымдары  (сол  жақ  қатардан)  И.  В.  Курчатов,  А.  Д.
            Сахаров, И. Е. Тамм, Л. А. Арцимович, Е. П. Велихов.
                   Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы. Атом бомбасы — авиациялық
            ядролық  бомбаның  алғашқы  атауы.  Оның  әрекеті  жарылғыш  тізбекті  ядролық
            бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген
            сутек  бомбаның  пайда  болуымен  жалпы  "ядролық  бомба"  деген  термин
            орнықты.[1]
                   Ядролық  қарудың  өзінен, оны  жеткізетін  құралдардан  (зымыран,  торпедо,
            ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз
            ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық
            болып бөлінеді.
                   Ядролық  қару  жаппай  қырып-жою  құралы  ретінде  қысқа  мерзім  ішінде
            әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот
            күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру,
            суға  батыру,  т.б.  мақсаттар  үшін  қолданылады.  Ядролық  қару  адамдарға  күшті
            моральдық  және  психологиялық  әсер  етеді.  Оның  қуаттылығы  тротилдік
            эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден
            бірнеше  ондаған  млн.  тротилге  дейін  жетеді.  Арнайы  әдебиеттерде  ядролық
            қарудың  қуаты  килотоннамен  (кт)  және  мегатоннамен  (мт)  де  көрсетіледі.  Бұл
            қаруды  қарулы  күштердің  барлық  түрлері  қолдана  алады.  Ядролық  қару
            қуаттылығы  бойынша  стратегиялық,  оперативті-тактикалық  және  тактикалық
            болып  бөлінеді.  Ядролық  қару  жарылған  кезде:  екпінді  толқын,  жарықтық
            сәулелену,  өтпелі  радиация,  радиоактивті  зақымдану  мен  электр-  магниттік
            импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады. Өтпелі радиация (ядролық
            жарылыс  кезіндегі  гамма-сәулелену  мен  нейтрондар  ағыны-әсері  10  –  15  с-қа
            созылады)  сәуле  ауруының  пайда  болуына  әкеп  соғады.  100  кт  тротилдік
            эквивалентті ядролық жарық жер үстінде жарылған кезде жасырынатын жерден
            тыс орналасқан адамдар 1 км радиуста өлімге ұшырап, 1,7 км-де ауыр дәрежедегі,
            1,9 км-де орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды. Қоршаған
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17