Page 16 - Оқу құралы ТЕРМОЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА. ТОКАМАК
P. 16

Қазіргі  таңда  Ресейде,  АҚШ,  Қытай,Жапония  және  Еуропалық  одақта
            басқарылатын синтезді зерттеуге арналған тороидтық камералар бар. Бұл саладағы
            ең  ірі  халқаралық  жоба  «ITER».  Оның  негізгі  мақсаты  бейбіт  жолмен  энергия
            термоядролық  эенергия    алудың  ғылыми  және  техникалық  мүмкіндігін  көрсету
            (2.3-сурет).



































                      2.3-сурет. ITER - Халықаралық термоядролық реактор (ITER) [13].

            2.3-суреттегі ITER - Халықаралық термоядролық реакторын (ITER) орнатудың оң
            аспектілері:
                   Термоядролық  реактордың  негізгі  отыны  сутегі  болып  табылады,  бұл
                    ядролық отынның іс жүзінде сарқылмайтын қорын білдіреді.
                   Сутегін  өндіру  теңіз  суын  өңдеу  арқылы  жүзеге  асырылуы  мүмкін,  бұл
                    көптеген  елдерде  бар.  Бұл  отын  ресурстарына  монополияның  пайда
                    болуының мүмкін еместігін білдіреді.
                   Термоядролық          реактордың        жұмысы        кезінде     кездейсоқ       жарылыс
                    ықтималдығы ядролық реактордың жұмысына қарағанда әлдеқайда аз.
            Зерттеушілердің  пікірінше,  апат  болған  жағдайда  да  радиациялық  сәулелер
            халыққа  қауіп  төндірмейді,  яғни  эвакуациялаудың  қажеті  жоқ.  Ядролық
            реакторлардан  айырмашылығы,  синтездік  реакторлар  жартылай  ыдырау  мерзімі
            қысқа радиоактивті қалдықтарды шығарады, яғни ол тезірек ыдырайды. Сондай-ақ
            термоядролық реакторларда жану өнімдері болмайды [13].
            Термоядролық  реактордың  жұмысы  ядролық  қару  үшін  де  қолданылатын
            материалдарды  қажет  етпейді.  Бұл  ядролық  реактордың  қажеттіліктері  үшін
            материалдарды өңдеу арқылы ядролық қаруды өндіруді жасыру мүмкіндігін жоққа
            шығаруға  мүмкіндік  береді.  Дегенмен,  зерттеушілер  үнемі  кездесіп  тұратын
            бірқатар техникалық кемшіліктер де бар.
                      Мысалы, дейтерий мен тритий қоспасы түрінде ұсынылған отынның қазіргі
            нұсқасы жаңа технологияларды әзірлеуді талап етеді.
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21