Page 9 - Оспан Абдулпаттаев
P. 9
Оспан атаның шәкірттері
Оспан атаның алғашқы шәкірттерінің қатарында белгілі журналист,
қазір Алматыда тұратын Мәлік Қарақұлов, жерлесіміз ұстаз-журналист
Әлішер Тоқмағанбетов, оқу бӛлімінің бухгалтері болған Ӛмеш Отарбаев бар.
сондай-ақ. Сондай-ақ журналист, кӛп жыл облыстық газеттің редакторы
болған Нұрылда Уәлиев тарих ғылымдарының докторы, «Ленин жолы»
геазетінің бас редакторы, Әбілда Ахметов, Бәкір Ӛтепов, Бәйменов
Рахымжан, Пірімбетов Алмат, Қызылқожаева Райхан, Ибраев Әнуарбек,
Боранқұлова Бибіажар, Мәмбетов Мырқайдар, Нұржанов Нысанбек, Күләш
Есенқұлова, Келес Асқаров тағы басқалар Оспан ата оқытқан оқушылар.
Соғыста сыналған кіші сержант
Соғыстың басталуы туралы майдангер-ұстаз ӛз естелігінде: «1941
жылы ауданда мұғалім болып жүрген едім. Маусым айының 22-ші жұлдызы
болатын. Сол күні неміс басқыншыларының Кеңес еліне опасыздықпен соғыс
ашқандығы хабарланды. Бұдан былай Отанды қорғауға дайын болуымызды
ескерткен партияның «Барлығы майдан үшін, барлығы жауды талқандау
үшін!» деген ұраны мектепте қолдау тапты» деп үйінде балаларына айтып
отырған. Ол кезде зұлым жау Сталинград қаласына ойран салып, Еділ
бойына ӛрт шалып жатқан кез еді. Мұндай кезде үйде отыруды бойына ар
кӛрді. Атаға ауылда жүру, әсіресе, шәкірттерінің алдында ӛліммен тең. Кӛп
ұзамай, ӛз тіршілігінен ел бақытын биік санаған ұстаз 1942 жылдың қазан
айында 44 жастағы Оспан ата Қызыл Армия қатарына ӛз еркімен майданға
аттанады. Польшаны, Чехословакияны азат ету шайқастарына, Берлинді
басып алуға қатысты. Ұрыстарда кӛрсеткен жеке ерлігі және Еуропа
астаналарын азат ету шайқастарына қатысқаны үшін
«Әскери қызметі үшін», «Праганы азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені
үшін», «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен
марапатталған. Осылайша Оспан ата 1945 жылы 2-ші қыркүйекте 77-ші
атқыштар корпусында азаматтық борышын орындап, жеңіс күнін
жақындатып, елге жеңімпаздар қатарында кіші сержант шенімен оралады.
9