Page 6 - Оспан Абдулпаттаев
P. 6
Тереңӛзек ауылының тарихи-ӛлкетану мұражайындағы Абдулпаттаевтардың
отбасылық мұрағатында О.Абдулпаттаевтың жауынгерлік және еңбек сіңірген
еңбегін айғақтайтын жеке құжаттары, марапаттары сақталған. Құжаттардың
арасында 1926 жылыдың бірінші тамызында оған
берілген араб графикасымен жазылған мұғалім куәлігі
бар, ол куәлік атаға ауылда мектеп ашуға құқық берді.
Жас ұстаз жетістікке жету үшін тек табандылық аздық
ететінін, кӛп оқып, білімін жетілдіріп, тереңдету
керектігін түсінеді. Осы мақсатта Тереңӛзекте тұңғыш
мектеп ашқан Оспан ата 1939 жылы білімін жетілдіру
үшін педагогикалық училищені тәмәмдайды. Сол
жылдары елімізде балаларға міндетті тӛрт жылдық
бастауыш білім беру туралы заң қабылданды. 1940
жылы 10 наурыз айында «Бастауыш мектеп оқытушысы» деген атақ беріледі.
Қалағандар жетіжылдық және онжылдық мектептерде оқуын жалғастыра алатын
болды. 1942 жылдан бастап колхоздар мен
совхоздарға егін жинауға кӛмектескені
үшін «Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен
еңбегі және риясыз еңбегі» медальімен
марапатталған. Ол оны майданға кетер
алдында, ел үшін қиын уақытта,
шәкірттерімен бірге еңбек вахтасын
кӛтеріп, майданға нан жеткізудің мемлекеттік жоспарды орындаған кезде алды.
Бір кезде Оспан ата ұйымдастырған бастауыш мектеп ӛсе келе орта мектепке
айналып, аудан орталығынан орын алды. Тереңӛзектегі ең үлкен, ең биік, ең әдемі
үй – сол мектептің үйі. Мектептің ӛз алдына клубы, кітапханасы, дене
шынықтыру залы, толып жатқан сынып бӛлмелері болған. Оспан ата ӛзінің
саналы ғұмырын бала оқытып тәрбиелеуге арнаған, 40 жыл үздіксіз білім беру
ісіне араласып, мамандықтың ыстығына күйіп, суығына тоңған абзал жан. Бірақ
бала оқытудан еш жалыққан емес.
6