Page 2 - Оспан Абдулпаттаев
P. 2

Алғы сөз

                         Алты Алаштың анасы болған  қасиетті Сыр ӛңірі есте жоқ замандардан бері
                  кӛшпелі ӛркениеттің бесігі болып келген. Тұлғаларды түлетіп ӛсірудің құтханасына

                  айналған құнарлы топырақ – Тереңӛзек, тӛсі терең жатқандығымен ғана емес,
                  таланттардың да ӛлкесі екендігімен ерекшеленеді.Осы ӛңірде ӛмірге келген  талай ұрпақ

                  тектіліктің тамырын тереңге тӛсеп, жаугершіліктен еңіреген бар қазаққа бауырын

                  ашып,паналатқан перзенттер.

                         Осындай текті ұрпақтың бірі де бірегейі бұрынғы  Перовск  уезіне қарасты

                  Қараӛзек болыстығында дүниеге келген  белгілі ұстаз- ағартушы Оспан Абдулпаттаевтың
                  ӛнегелі ӛмірі, Сыр елінде халыққа рухани тәрбие беру, сауықтыру және жас ұрпақты

                  сауаттандыру саласындағы атқарған еңбектері байыпты зерттеулерді қажет етеді.


                         Жаппай сауатсыздықты жою жолындағы біліктілік өнегесі, ойшылдық дәрежесі мен адами
                  қасиеті айрықша Оспан ата сол дәуірдегі ұстаздық өнердің теоретигі десе де болғандай.
                  Сондықтан бүгінгі таңда ұрпақтары  мәуелі бәйтеректей тараған Оспан атаны жемісі мол дарақ,
                  тайпалмалы дарабоз ретінде дәріптеу және ұрпақтан-ұрпаққа жәдігер ретінде жеткізу  - біздің
                  азаматтық парызымыз.

                         Осы орайда Сырдария ауданы, Тереңӛзек кенті орталығында орналасқан киелі білім
                  ордасы -№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі ұжымы айрықша жаратылған зерек

                  зейінді атамыздың қызметтік ӛмірбаянына зерделей үңіліп, жас ұрпақ бойына сіңіру
                  мақсатында үнемі ізденісті жұмыс жасап келеді. Сол игілікті жұмыстардың бір парасы

                  ретіндегі  бұл еңбек  Сыр ӛңіріндегі сарқылмас қазыналардың бірі- Оспан атаның  іргелі

                  ізденістерін, тұңғыш бастауыш мектеп ашудағы қажырлы еңбегін, рухани-адамгершілік
                  қасиеттерінің арқасында халық құрметіне ие болған құндылықтарын тарихи деректер

                  негізінде ӛріп, сӛз ӛнері мен педагогикалық мамандықты құрметтейтін қалың оқырманға
                  жолданады.


                         Оспан Абдулпаттаевтың сол дәуірдің шабытты шамшырақ  тұлға екендігін, даналық

                  істерінің тағылымдық-танымдық кӛріністері мен ӛнегелелі бастамашылық қырларын айта
                  келе, жас ұрпақты алдыңғы толқынның ілкімді істерін зерттеуге қызығушылық танытуға

                  жетелейді.





                                             Жаңабергенова Айгүл Төреханқызы

                            №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі




                                                                2
   1   2   3   4   5   6   7