Page 3 - Оспан Абдулпаттаев
P. 3
Кіріспе
Кеңес ӛкіметінің келуімен жаңа білім беру жүйесі енгізіле басталды,
оның негізгі принциптері – ұлдар мен қыздарды бірлесіп оқыту, теологиялық
пәндерді оқытудан шығару, жазаның барлық түрлерін жою. Ӛткен ғасырдың
20-30 жылдарындағы білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бӛлігі
ересектер арасындағы сауатсыздықты жою болды.
Сауаттылықты игеру қиын жағдайда ӛтті: материалдық-техникалық
базаның болмауымен қатар кәсіби кадрлардың, оқулықтардың, оқу
құралдары мен жазу құралдарының жетіспеушілігі. Белгілі бір қиындықтар
тіл саласындағы бірнеше рет жүргізілген реформалармен байланысты болды.
20-шы жылдарға дейін қазақ жазуында Ахмет Байтұрсынұлы араб
графикасына негізделген әліпби қолданылды (оны «тӛте жазу» деп те атаған),
1929 жылы қазақ әліпбиі латын графикасына, 1940 жылы кириллицаға
кӛшірілді. Осылайша, адамдар бастапқы сауаттылықты үш рет үйренуге
мәжбүр болды.
Жаппай сауатсыздықты жеңу мен халықтық ағартушылықты
дамытудағы шешуші рӛл мұғалімдерге тиесілі болды. Сырдария ауданында
алғашқы ұстаздардың бірі Оспан Абдулпаттаев болды. 1898 жылы Перовск
уезіне қарасты Қараӛзек болысының №7 ауылында (қазіргі Сырдария
ауданы, Шіркейлі ауылы) шаруа отбасында дүниеге келген. Ол әкесінен
айырылғанда үш жасқа да толмаған еді. Революцияға дейінгі ауылдың ӛмірі
ауыр және үмітсіз болды: адамдар жоқшылық пен мұқтаждықты, аштық пен
суықты кӛрді, ең қажетті заттар болмады. Ол бала кезінен ауыр еңбекпен
айналысуға мәжбүр болды. Бірақ бала әрқашан білімге құштар болды. Туған
ауылындағы медреседе оқу мен жазудың қыр-сырын үйренді. 1919 жылы
Перовскіде алты айлық мұғалімдер даярлайтын курсты бітіріп келген жас
жігіт туған ауылына келеді. Ӛз халқының жарқын болашағы туралы ойлардан
шабыттана отырып, ол жергілікті халықтың сауаттылықты игеруіне барлық
күш-жігерін жұмсайды.
3