Page 7 - Оспан Абдулпаттаев
P. 7
1939 жылы жасалған, Оспан ата
қалаған мектептің сметасы
Оспан ата 1958 жылы зейнеткерлікке шығып, 1979 жылы 81 жасында
дүние салғанға дейін ұрпақ тәрбиелеу ісіне белсене қатысты. Ӛнегелі
ұстаздың еңбек нәтижесі болар: «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», 1957
жылы «Қазақ КССР-ның еңбек сіңірген мұғалімі» атағы берілген. 1935-1936
жылдардағы оқу жылында шәкірттері оқу жылын үздік аяқтағаны үшін
құрмет грамотасы Қазақстан мұғалімдерінің 2-ші съезіне делегат болып
қатысты. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің және Қазақ ССР оқу Министірлігінің
Құрмет грамоталарының иегері. 1998 жылы 25 қыркүйектегі №5 хаттамасы
мен аудандық ономастикалық комиссияның шешімімен ӛзі құрған мектепке
ұлағатты ұстаз Оспан атаның есімі берілді. Оспан атаның бүкіл ӛмірі
ұстаздық қызметке арналды. Ол кісіні ауылдың қариялары әлі күнге дейін
ықыласпен еске алады. Тереңӛзек кентінің тумасы, жазушы және ақын
Сейтмұрат Ембергенов ӛз естеліктерінде жазғандай ӛзінің рухани
қасиеттерінің арқасында айналасындағылардың құрметі мен
сүйіспеншілігіне ие болған ерекше тұлға. Білімі мол ол қашанда шәкірт
жүрегіне жол тапты.
7