Page 4 - Оспан Абдулпаттаев
P. 4
Мәңгілік ізін қалдырған
Тереңөзек ауданына қарайтын колхоздарда жан
біткеннің барлығы оны «өзіміздің Оспан қожа» дейді.
Оған «қожа» деген ат құрметтегендіктен, аса жақсы
көріп, ерекше сыйлағандықтан тағылған. Қай заманда
болсын халық өзінің сүйген ұлдарына, көбінесе
қосымша аттар беріп, оларды басқалардан саралап бөліп
алып, ел алдында қадірін арттырып отырған. Балаун
шолақ, Ақан сері, қарға бойлы Қазтуған, еңсегей бойлы
ер Есім дегендегі «шолақ», «сері», Ә.Тоқмағанбетов
дегендегі «шолақ», «сері», «қарға бойлы», «еңсегей
бойлы ер» сияқты қосымша аттар сол жақсы көріп, айрықша сүйгендіктің
анықтамасы.
.... Әлі есімде 1922 жылдың күзінде Ақболтай өзенінің бойын
мекендейтін екі ауылдың ортасынан мектеп ашылды. Сол күні үлкен той
болды. Тойға қос тай өгіз сойылды. Бозбалалар қас қарайғанша көкпар
тартып, балуандар күреске түсті.
Мектебіміздің мұғалімі Оспан Абдулпаттаев болды.....
.... Әлі есімде 1922 жылдың күзінде Ақболтай өзенінің бойын
мекендейтін екі ауылдың ортасынан мектеп ашылды. Сол күні үлкен той
болды. Тойға қос тай өгіз сойылды. Бозбалалар қас қарайғанша көкпар
тартып, балуандар күреске түсті.
Мектебіміздің мұғалімі Оспан Абдулпаттаев болды.....
.... Мектеп үйі алғашқы кезде қамыстан соққан, іші-сыртын
балшықпен сылаған қақырада болды. Ол кезде парта болмады, оның орнына
жұмсақ қоға төселді. Кітап, қалам, қағаз тіпті тапшы еді. Оқу басталған
күні екеуара бір қалам, бір-бірден 12 парақтық дәптер үлестірілді. Оқу
аспаптары атымен болмады. Дегенмен «көш жүре түзеледі» дегендей, оқу
жұмысы барған сайын тәртіпке келіп, жөнге қойыла бастады -деп жазды
шәкірті Әлішер Тоқмағанбетов ӛзінің «Мұғалім» атты очеркінде.
4