Page 5 - Оспан Абдулпаттаев
P. 5

Біздің кіп-кішкентай ауданымыздан қаншама дарын, талант иесі

                  шыққан. Ақын, жазушымыз, әртіс, әншіміз, ғалымымыз бір тӛбе. Олар

                  шыққан биік аудан халқының мерейін асырып, кӛңіліне шуақ құйып келеді.

                  Қанша ғасыр ӛтседе тозбайтын, тот басбайтын, ұлы қазына бар. Ол – білім.

                  Білімсіз біздің ӛміріміз тас-түнек, мағынасыз да мәнсіз. Жоғарыдағы игі

                  жақсының бәрі білім алған. Білім алу үшін мектеп атты киелі де, қасиетті

                  шаңырақты имене аттап, мұғалім есімді ізгі жанның соңынан ерген.  Иә,

                  ұстаз, мәңгі жаста жайдары жан. Оспан ата 1898 жылы бұрынғы Перовск

                  уезіне қарасты Қараӛзек болысының №7 ауылында осы күнгі Тереңӛзек,

                  ауданының «Шіркейлі» кеңшарында кедей шаруаның отбасында дүниеге

                  келген. Оспан ата 2-3 жасқа толар толмастан әкеден айырылып, жетім қалды.

                  Соған қарамастан ӛзінің оқуға деген ықыласы, ағайын, туыстың ақылымен

                  ауыл молдасынан діни сауат ашып, тілін сындырады. Оспан атаның балалық

                  шағы ауыр ӛтті, ол кез келген қиын жұмысты қолымен атқарды. Бірақ

                  жастайынан еңбекпен есейген ол оқуға ынтызар әрі құштар болған. Сол

                  мақсатпен училищеге түсті, бірақ тұрмыс тауқыметіне, отбасы жағдайына

                  байланысты оны тастап, жұмысқа орналасады.


                         1917 жылыдың дүбірлі кезеңінде 19 жастағы Оспан ата Қызылордадағы

                  6 айлық курсқа түсіп, оны тәмәмдағанан кейін ауылға келіп, мектеп ашу қам-

                  қарекетіне кіріседі. Сӛйтіп сауатсыздар мектебін ашып, елге хат таныту үшін

                  екі мезгіл сабақ беріп, түске дейін балаларды, түс ауа үлкендердің сауатын

                  ашқан. Тереңӛзектегі тұңғыш бастауыш мектеп негізін қалауда қажырлық

                  танытты. Жұмысқа қызыққаны сонша, Оспан ата Қызылордаға барып, оқу

                  орындарының басы қасында жүрген адамдарға ауылдан бастауыш мектеп

                  ашу жӛнінде ӛтініш айта бастаған. Ақыры бұл мектепті де ашып, алғашында

                  онда 16 бала мен бір қыз баланы оқытады. Үш жылдан кейі Оспан атаның

                  қарамағына тағы бір мұғалім жіберілді. Оспан ата1919 жылдан бастап

                  мүлдем мұғалімдік жолға түсті. Оқу бағдарламасын жасап, оқулықтар іздеп,

                  мектепке оқыушы тартуда кӛптеген игі істер атқарды.




                                                                5
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10