Page 11 - salyk
P. 11

есептеу  үшін  салықтың  орташа  мөлшері  қолданылады.Ал  нөлдік  салық
                  мөлшері, бұл салық төлеуден босатылады (мысалы, қосылған құн салығында
                  нолдік ставка бойынша салық төлеушілер бар).
                       Салық  жеңілдіктері  –  төлем  қабілетін,  қоғамдық  өндіріске  қатысу  және
                  басқа  да  факторларды  ескеріп,  заңмен  қарастырылған  жалпы  ережеден
                  шығару.
                       Салық ставкасы – салық базасының өлшем бірлігіне  салық есептеулерінің
                  шамасын  білдіреді.Салық  ставкасы  –  салық  салу  объектісіне  пайызбен
                  бекітілген  салық  мөлшері.  Салық  ставкасы  –  салық  өлшемі  ретінде
                  қарастырылады.Салық ставкасы  салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен
                  немесе абсалютті сомамен белгіленеді.
                       Салық  кезеңі  –  салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті
                  төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі, ол аяқталған соң салық базасы
                  айқындалады  және  бюджетке  төленуге  тиіс  салық  және  басқа  да  міндетті
                  төлемдер сомасы есептеледі.
                  Көптеген салықтар үшін салық кезеңі – күнтізбелік жыл болып саналады.
                  Сонымен қатар мынадай салық кезеңдері бар:
                  -бір күндік;
                  -он күндік;
                  -айлық;
                  -тоқсандық;
                  -жылдық.
                        Салықты есептеу тәртібінің 5 кезеңі бар:
                  . бірінші – салық салынатын объектіні есепке алу;
                  . екінші – салық салу объектісінен салық базасын есептеу;

                  . үшінші – салық ставкаларын қолдану;
                  . төртінші – салық жеңілдіктерін қолдану;
                  . бесінші – салық сомасын есептеу.
                  Салық  есептілігі  –  салық  төлеушінің  (салық  агентінің)  Салық  кодексінде
                  белгіленген тәртіпке сәйкес салық қызметі органдарына табыс етілетін, салық
                  төлеуші  туралы,  салық  салу  объектілері  және  салық  салуға  байланысты
                  объектілер  туралы,  сондай-ақ  салық  міндеттемелерін,  міндетті  зейнетақы
                  жарналарын,  әлеуметтік  аударымдарды  есептеу  туралы  мәліметтерді
                  қамтитын құжаты.
                  Салық  төлеушілер  салық  салу  объектілері    мен  салық  салуға  байланысты
                  объектілерді  Қазақстан  Республикасының  Салық  кодексінде  белгіленген
                  тәртіппен шарттар бойынша есептеу әдісімен айқындайды.
                         Салықты төлеу тәртібі – салық төлеушінің мемлекетке салық төлемдерін
                  төлеуде жүзеге асырылатын салық заңдылықтарында бекітілген ереже.
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16