Page 6 - salyk
P. 6

жағдайда тежеп отырады (салық жеңілдіктері жасалады, салық ставкаларын
                  төмендетеді).  Бюджетке  түскен  салық  түсімдерін  реттейді  және  бақылап
                  отырады.  Кез  келген  қызмет  түріне  бақылау  жасау  қажет.  Ал  енді  салық
                  түсімдеріне бақылау өте қажет екені даусыз. Мемлекет бюджеттің кірісі мен
                  шығысын  есептейді,  соған  сәйкес  өз  қызметін  атқарады.  Салықтардың
                  бақылау қызметінің арқасында салық жүйесінің тиімділігі бағаланады, қаржы
                  ағымдары мен қызмет түрлеріне бақылау қамтамасыз етіледі.
                  Салықтың  келесі  қызметтерінің  бірі  –  қайта  бөлу.Бюджетке  түскен  салық
                  түсімдерін  қаржыландыруды  қажет  ететін  бағдарламалар  жобасына  сәйкес
                  және  әр  салаларға  мақсатқа  сай  бөлінуін  қарастырады.  Салық  түсімдерінің
                  мақсатқа сай және өз уақтысында жұмсалуына қадағалау жасайды. Салықтың
                  қайта  бөлу  қызметі  мемлекетке  салықты  қоғамдағы  экономикалық  және
                  әлеуметтік процестерге әсер ету құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
                  Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджетте ақша қаражаттары
                  жиналады,  сосын  жалпы  мемлекеттік  мәселелерді  шешуге  бағытталады,
                  әлеуметтік  топтардың  табыстары  арасындағы  қатынастарды  өзгерту
                  жолымен  әлеуметтік  тепе-теңдікті  ұстап  тұрады.  Салықтардың  бөлу
                  функциясы  ұдайы  өндіріс  үдерісіндегі  көп  қырлы  рөлін  сипаттайтын
                  жекелеген  қасиеттерге  ие.  Бастапқыда  салықтардың  бөлу  функциясы  тек
                  фискальдық  сипатта  болды:  әскер,  шенеуніктер  аппараты  мен  әлеуметтік
                  саланы  (ағарту  ,денсаулық  сақтау  және  т.б.)мүмкіндігі  үшін  мемлекеттік
                  қазынаны  толтыруға  бағытталды.  Бірақ  одан  бері,  елдің  шаруашылық
                  қызметін  ұйымдастырудан  басқа,  салық  механизмі  арқылы  жүзеге  асатын
                  реттеушілік  функциясы  пайда  болды.  Сондықтан,  заманауи  өркениетті
                  мемлекет жағдайында бөлу функциясы мемлекеттің экономикалық қызметін

                  реттеуші  сипатына  ие  болып  келеді  және  салықтардың  реттеушілік
                  функциясы  ретінде  көрсетуге  болады.  Мемлекет  салық  механизмі  арқылы
                  халықшаруашылығының дамуына нысаналы ықпалын тигізеді. Бұл жағдайда
                  салық  нысандарын  таңдау,  ставкаларын,  жеңілдіктер  мен  алыну  әдістерін
                  өзгерту  қолданылады.  Бұл  реттегіштер  қоғамдық  ұдайы  өндіріс  құрылымы
                  мен  пропорциясына,  жинақтау  мен  тұтыну  көлеміне,  ал  оларды  қолдану
                  ғылыми-техникалық прогрессті ынталандыруға тиімді әсер етеді. Cалықтық
                  реттеу  арқылы  салықтардың  ішкі  функциялары:  ынталандырушы  және
                  шектеуші  ішкі  функциялар,  сондай-ақ  ұдайы  өндірістік  бағыттағы  ішкі
                  функция іске асады.
                  Салықтардың  ынталандырушы  ішкі  функциясы  жеңілдік,  шегерім,
                  преференция жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде салық объектісі
                  мен  салық  базасы  өзгеріп,  салық  ставкалары  төмендейді.  Ынталандырушы
                  реттегіштер  негізінен  мүгедектер  мен  зейнеткерлердің  жұмыс  бастылығын
                  қамтамасыз  ету,  қайырымдылық  қызмет,  өндірістік  және  өндірістік  емес
                  құрылыстарды  дамыту  шығындарын  қаржыландыру,т.б.  бойынша  салық
                  төлеушінің қызығушылығын арттыру үшін пайдаланылады.
                      Салықтардың    шектеуші  (ынталандырмайтын)    ішкі  функциясы
                  ынталандырушы    ішкі  функцияға  қарама  –қарсы  міндеттерді  қояды  және
                  салық ставкаларының артуы барысында сипатталады. Өндірістік бағыттағы
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11