Page 3 - salyk
P. 3
1.2 Салықтардың мазмұны
Мемлекет саяси-экономикалық, қаржы, әлеуметтік, демографиялық және
басқа да қызмет етудің қоғамдағы мүдделерін қорғайды, әзірлейді және
жүзеге асырады.Осы орайда әлеуметтік-экономикалық үдерістердегі
мемлекеттік реттеу субъектісі мен объектісінің өзара әрекет ету құралы
ретінде қаржы-несие және баға механизмін қолданады. Салық теориясы
қаржы ғалымдарының арасында бұрыннан дамып келе жатқан ғылымдар
санатында.Оның жеке дара пән ретінде қалыптасуы XIX ғасырдан бастау
алады.Салық салу тәжірибесі мемлекеттің салыққа деген қажеттілігінің
әсерінен туындады. Экономикалық санат ретінде салықтар туралы ғылыми
тұжырымдардың қалыптасуына салық салудың тәжірибесін жетілдіруге
негізделген мемлекет пен азаматтардың арақатынасындағы алық нысандары
туралы ұсыныстар өзек болды.Ежелгі философтар (Ксенофонт, Аристотель)
мемлекеттің кіріс көздерін жеңілген халықтарға салынатын салықтармен
шектемей,оларды түрлендіруді ұсынды. Ортағасырлық схоласттар және
рухани қайта туудың философтары (Ф. Аквинский XIII ғ. ) теологиялық,
философиялық және заң жөніндегі еңбектерінің қаржы туралы тарауларында
тек төтенше жағдайларда ғана мемлекетке көмек ретінде салық салуды енгізу
керектігін жазады.Сауда капитализмінің пайда болуы мен қалыптасуы
қаржы шаруашылығының қажеттілігіне қарай мемлекеттік табыс пен
шығыстың бөлінуіне (Ж.Боден), теория мен практиканың өзара
байланысына, салықтың мемлекеттің уақытша табыс көзіне айналуына негіз
болды.Меркантелистер XVII ғ. (Д. Локк, Т.Гоббс) мемлекттік "қызмет"
ретіндегі салықтың біліктілігімен қатар, тікелей немесе жанама салықтардың
қайсысы қажет екендігі туралы мәселелерді қарастырды.Салық
төлеушілердің көзқарасы мен салық салу объектісі (жер, мүлік) туралы
ұтымды ұсыныстар айтты.Ал физиократтар (Ф.Кенэ,О.Мирабо, А.Тюрго)
XVIII ғ. екінші жартысында алғаш рет салық салудың әділдігі,салықтарды
аудару, табыс көзі туралы сол кезеңде лайық классикалық көзқарас үстемдік
етті.Салықтар тауар өндірісімен, қағамның топтарға бөлінуі мен мемлекеттің
пайда болуымен, нәтижесінде әскер, соттар, шенеуліктер және басқа да
қажеттіліктеріді қанағаттандыру мақсатында пайда болды.К. Маркс
"Мемлекет өмірінің экономикалық негізі салықтармен сипатталған" деп әділ
баға берген.Капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуы барысында
салықтың мәні арта бастады: әскер мен флотты ұстауға,дайын өнімді өткізу
мен шикізат нарығын қамтамасыз етуге, қазынаға қосымша қаражаттар қажет
болды. Қоғам мүддесі үшін жалпы ішкі өнім құнының нақты бір бөлігі
міндетті жарна түрінде мемлекет игілігіне алынуы салықтардың мәнін
сипаттайды.
1.3Салықтардың құқықтық белгілері
Құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ – бұл мемлекеттік бекітілім, яғни
тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын төлеуді (беруді) көздейтін
міндеттеме.
Салық құқығы – мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын

