Page 5 - salyk
P. 5

2.Тақырып  Салықтардың атқаратын қызметтері

                  Қарастырылатын сұрақтар:
                  2.1Салықтардың фискальдық, бақылау-реттеушілік, қайта бөлу қызметі
                  2.2Салық тетігінің қызмет ету жолддары

                  2.1Салықтардың фискальдық, бақылау, реттеушілік,қайта бөлу қызметі
                  Салық  мемлекет  пайда  болғаннан  бері  экономикалық  қатынастарды
                  байланыстыру  тетігі  болды.  Мемлекеттік  құрылым  нысанының  өзгеруі  мен
                  дамуы       әлеуметтік-экономикалық            үдерістердегі       салықтардың         рөлін
                  нығайтуға, функцияларының кеңеюіне елеулі әсер етті.  Салық функциясы –
                  оның  жұмыс  істеуінің  мәні.  Функциялар  экономикалық  категорияның
                  қоғаммен  байланыс  деңгейін  көрсетеді.  Сондықтан  салықтың  қайта  бөлу
                  функциясы  басты  қызмет  ретінде  мемлекет  табысын  құндық  тұрғыда  бөлу
                  және қайта бөлу құралы ретіндегі мәнін сипаттайды.
                  Тарихи  қызметтің  бірі  фискалдық  (бюджеттік)  функцияның  негізіндегі
                  <фиск>  сөзі  <мемлекет  қазынасы>  дегенді  білдіреді.  Бұл  функция  арқылы
                  салықтың  қоғамдық  басты  қызметі  –  мемлекеттік  бюджетке  қаражаттың
                  түсуі,  қоғамдық  міндеттер  мен  функцияларды  жүзеге  асыру  үшін
                  мемлекеттің       қаржысы        қамтамасыз        етіледі.    Өндірістегі      тауар-ақша
                  қатынастарының дамуы барысында фискальдық функция мемлекетке түсетін
                  ақша  кірістерінің  артуын  сипаттайды.    Салықтың  ең  бірінші  кезектегі
                  атқаратын  қызмет,  бұл  –  қазыналық.Мемлекет  өз  қазынасын  толықтыру
                  мақсатында  табыс  көздерін  жасайды.  Салық  төлеушілерге  нормативтік
                  құқықтық актілер негізінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
                  төлемдерді есептейді, салық ставкалары мен төлеу мерзімін белгілейді.
                  Экономикалық  категория  ретінде  салықтың  бюджетке  түсуі  мен  қайта
                  бөлінуін  қадағалау  бақылау  функциясы  арқылы  жүзеге  асырылады.  Ол
                  арқылы  әрбір  салық  каналының  және  жалпы  салық  <жүгінің>  тиімділігі
                  бағаланады,  салық  жүйесі  мен  бюджет  саясатына  өзгеріс  енгізу  қажеттігі
                  анықталады. Салықтардың бақылау функциясының жүзеге асырылуы, оның
                  жеткілікті  дәрежеде  толықтығы  мен  тереңдігі  төлем  тәртібінің  жағдайына
                  тәуелді. Сондықтан бақылау функциясын жүзеге асыру салық төлеушілердің
                  салық  заңнамасымен  бекітілген  барлық  салықтарды  уақытылы  әрі  толық
                  көлемде  төлеуін  қамтамасыз  етеді.  Бұдан  мемлекеттік  бюджетке  салық
                  төлемдерінің  дұрыс  әрі  толық  көлемде  есептелуін  бақылау  үшін  салық
                  қызметі        органдарының           негізгі      бақылау        функциясы          қызмет
                  атқарады.Салықтардың  қазыналық  қызметі                     –  көптеген  субъектілер
                  табысының  бір  бөлігі  мемлекет  қазынасына  өтеді.  Салықтың  қазыналық

                  қызметі  арқылы  мемлекеттік  бюджеттің  кіріс  бөлігі  құралып,  салықтың
                  қоғамдық  міндеті  артады.Қорыта  айтқанда,  мемлекеттің  бюджет  саясаты
                  жүзеге асырылады.
                      Салықтың  келесі  қызметтерінің  бірі  –  бақылау  (реттеу).  Мемлекет
                  экономиканы  дамыту  жолында  салықтық  реттеу  процесі  арқылы
                  экономиканың  кейбір  салаларын  дамытуды  ынталандырады  және  қажет
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10