Page 9 - salyk
P. 9

3.тақырып. Салықтар және салық салуды құру негіздері

                  Қарастырылатын сұрақтар:
                  3.1Нарықтық  экономика  жағдайындағы  салықтар  мен  алымдардың
                  мәні
                  3.2Салықтардың негізгі элементтері
                  3.3 Салықтар мен алымдардың жіктелімі

                  3.1Нарықтық  экономика  жағдайындағы  салықтар  мен  алымдардың
                  мәні
                  Салық  төлемдері,  баждар  мен  өзге  де  міндетті  төлемдер  мемлекеттің
                  қаржылық ресурсын қалыптастырады.Салықтың экономикалық мазмұны бір
                  жағынан    шаруашылық  жүргізуші  субъектілер  мен  азаматтардың  өзара
                  қарым-  қатынасы,  ал  екінші  жағынан  мемлекет  табысты  қалыптастырушы
                  түрінде  сипатталады.  Макроэкономикалық  деңгейде  салықтың  мазмұны  өз
                  қызметін  жүзеге  асыру  барысындағы  мемлекеттің  жалпы  ішкі  өнім
                  өндірісіндегі  үлесін  көрсетеді,  сонымен  қатар  әлеуметтік  бағдарламаларын
                  қаржыландыру;  экономиканың,аймақтың  жекелеген  салаларын  қолдауға
                  бағытталған  экономикалық  бағдарламаларда,  әлеуметтік  салада  қызмет
                  ететін-денсаулық  сақтау,  білім  беру,    басқарма,құқық  қорғау  органдары,
                  әскерлерді ұстау барысында көрініс табады.
                  Салықтар        дегеніміз-      заңнамамен         бекітілген      тәртіпке       пайыздық
                  мөлшерлемемен  шаруашылық  жүргізуші  субъектілерден  және  азаматтардан
                  алынатын        міндетті     төлемдер.       Қазақстан       Республикасының          салық
                  заңнамасына  сәйкес,  салықтар  дегеніміз  заңнамамен  бекітілген  біржолғы

                  және қайтарымсыз сипаттағы бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер
                  болып табылады.
                      Бюджетті  толықтырушы  негізгі  жүйеде    салық  түсімдерімен  қатар
                  салықтық емес түсімдерді де атап өтуге болады.
                      Салықтық емес түсімдерді-Қазақстан Республикасының Салық кодексінде
                  белгіленген,  негізгі  капиталды,  гранттарды  сатудан  түсетін  түсімдерге
                  жатпайтындардан басқа, Қазақстан Республикасының  басқа да заңнамалық
                  актілерінде  белгіленген  бюджетке  төленетін  міндетті,  қайтарылмайтын
                  төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке  өтеусіз негізде
                  берілетін ақшалар.
                      Қорыта  келгенде,  салықтар  көптеген елдерде  әртүрлі  аталғанымен,  кейде
                  оларға  салық салу және алыну жолдары ұқсас болып келеді. Салық төлеуші
                  ретінде  салық  төлеу  жауапкершілігі  жүктелген  заңды  және  жеке  тұлғалар
                  танылса, ал салық салу объектілері болып салық төлеушінің есепті кезеңде
                  алған табыстары, тауарлары, мүліктері, көлік құралдары, кірісі және тағы да
                  басқалартабылады.  Салық  ақшалай  және  заттай  түрде  әділеттілік,  теңдік
                  және тұрақтылық тәрізді салық салу принциптері негізінде құрылған салық
                  ставкаларын  қолдану  арқылы    алынады.  Салық  ставкалары  тұрақты  немесе
                  пайыз түрінде тағайындалады. Пайыздық ставкалар  үйлесімді, үдемелі және
                  кемімелі болып бөлінеді. Ал салық жеңілдіктері сол мемлекеттің қазыналық
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14