Page 10 - salyk
P. 10

саясатының  бағыттары  мен  бағдарламаларын  ескере  отырып  жүзеге
                  асырылады.

                  3.2Салықтардың негізгі элементтері
                      Салық  элементтері  –  салық  заңы  регламенттелген  салықтың  қолданылу
                  жағдайын  анықтайтын  құрамдас  бөліктері.  Салықтың  бірнеше  элементтері
                  бар, атап айтқанда:
                  . салық субъектісі;
                  . салық объектісі;
                  . салық көзі;
                  . салық мөлшері;
                  . салық жеңілдіктері;
                  . салық ставкасы;
                  . салық кезеңі;
                  . салықты есептеу тәртібі;
                  . салық есептілігі;
                  . салықты төлеу тәртібі.
                       Салық субъектісі – заңды немесе жеке тұлға, яғни, салықты төлеушілерді
                  атаймыз.
                  Салық  объектісі  –  салық  есептелетін  база,  яғни  салық  не  үшін  төленетінін
                  қарастырады,  мәселен:  табыс,  мүлік,  тауар,  мұра,  жер  және  т.б.    Осы
                  аталғандардан салық төленеді.
                  Салық  көзі  –  салық  төлеу  үшін  белгіленген  және  қолданылатын  ақша
                  қаражаттары, бұл – жалақы, кіріс, дивиденттер, яғни салық неден төленеді.
                  Салық көзі – салық төлеуге арналған немесе қолданылатын ақша қаржылары.

                  Салық төлеудің 5 көзі болады:
                  -табыс;
                  -қор және жинақ;
                  -  өндірістік  капиталдың  ақша  бөлігі,  айналым  қаражаттары  қорын  қоса
                  алғанда;
                  -қаражаттар,  мүлікті  өткізуден  түскен  түсімдер,  оның  ішінде  өндірістік
                  капиталдың мүліктік бөлігі, негізгі қорды қосқанда;
                  -қарыз қаражаттары.
                      Салық  мөлшері  –  салық  төлеушінің  табысына  қарай  алынатын  салық
                  сомасын  білдіреді  және  ол  шекті,  жеңілдікпен,  орташа,  нолдік  болып
                  бөлінеді.  Салықтың  шекті  мөлшері  –  табыстың  әр  қосымша  бір  бірлігінен
                  түсетін  үстеме  салықты  білдіреді,  мәселен  жеке  табыс  салығы,  әлеуметтік
                  салық, жеке тұлғалардың мүлік салығы.Салықтың жеңілдік мөлшері болады,
                  оны  мемелекет  өз  тарапынан  белгілі  бір  салық  төлеушілерге  әлеуметтік
                  жағдайын  ескере  отырып,  салық  ставкалары  бойынша  жеңілдік  жасайды
                  (мәселен,  салықты  төлеу  мерзімін  ұзартады,  мүгедектерге  немесе  жалғыз
                  басты  азаматтарға,  көп  балалы  аналарға,  мемлекетке  еңбек  сіңірген
                  азаматтарға  және    басқа  да).Салықтың  орташа  мөлшері  деп  салық
                  төлеушінің  табыстарын  орта  есеппен  алады  да,  сол  сомадан  салық  төлейді.
                  Мысал   ретінде  патентті  алуға  болады.  Бюджетке  түсетін  салық  түсімдерін
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15