Page 7 - salyk
P. 7

ішкі  функция  жалпымемлекеттік  табиғи  ресурстарды  пайдалану  үшін
                  алынатын салықтарды сипаттайды(2сурет).

                                             Салық функциялары

                                             Бақылау,реттеушілі
                                                      к

              Фис  кальдық(қазыналық)                                           Қайта бөлу

                  2-сурет. Салық функциялары

                  2.2Салық тетігінің қызмет ету жолддары
                  Мемлекет  жоғарыда  көрсетілген  салықтардың  қызметін  пайдалана  отырып,
                  еліміздің  салық  жүйесін  анықтайды.Салық  тетігінің  қызмет  ету  жолдарын
                  белгілейді,  Жалпы  экономикалық  саясатты  негізге  ала  отырып,  салық
                  саясатын анықтайды. Мемлекет құрылым формаларының дамуы мен өзгерісі
                  салық  жүйесінің  күрделенуімен  қатар  жүреді.  Қазіргі  дамыған  кезеңдегі
                  салықтар        мемлекеттің        табыстарының          негізгі     формасы         ретінде
                  қарастырылады. Қаржы қызметінен басқа салық тетігі мемлекеттің қоғамдық
                  өндіріске,  оның  динамикасы  және  құрылымына,  ғылыми-техникалық
                  процеске  экономикалық  әсер  ету  үшін  қолданылады.        Салықтар  іскерлік
                  белсенділікке  жағдай  жасауға  немесе  керісінше  шек  қоюға,  кәсіпкерлік
                  салалардың  дамуына  мүмкіндік  туғызыа  алады;  әлемдік  нарықтағы  ұлттық
                  кәсіпорындардың бәсекеге түсе алатындығын жоғарылатуы үшін  өндірістің
                  шығындарын  төмендетуге  ықпал  етеді.  Салықтар  арқылы  экономиканы

                  жақтау  саясаты  жүргізіледі  немесе  тауарды  рынокқа  бостандық  беріледі.
                  Сонымен,  салықтарға  келесі  анықтама  беруге  болады.  Салықтар  –  бұл
                  мемлекетаралық  қажеттікті  қанағаттандыру  үшін  мемлекет  пен  бекітіліп,
                  мәжбүрлеп алынатын заңды және жеке тұлғалардың бюджетке міндетті түрде
                  төлейтін төлемдері. Мемлекеттік бюджет кірісінің 75%  - ын Республикалық
                  бюджет түсімдері, ал 25% -ын жергілікті бюджет түсімдері құрайды.
                  Ел  экономикасы  дамып,  мемлекеттік  бюджеттің  кіріс  көзі  ұлғайған  сайын,
                  салықтық  түсімдердің  де  өсіп  отырғаны  байқалады.  Себебі  салықтың
                  экономикалық табиғаты өндіріске байланысты. Өндіріс бар жерде табыс бар,
                  онда  алынатын  салықтар  да  бар.  Сондықтан  салық  өндірістің  дамуына
                  барынша  өз  ықпалын  тигізіп,  өндірушілердің  ынтасын  арттыруға  жағдай
                  жасауы  қажет.    Түрлі  құралдар  жүйесі  арқылы  мемлекеттің  салық  салуды
                  басқарудағы  құқықтық-ұйымдастырушылық  нормалары,  әдістері  мен
                  формалары  салық  тетігі  жиынтығын  білдіреді.  Мемлекет  салық  тетігіне
                  салық  заңнамасы  арқылы  заңды  форма  бере  тұра  оны  реттейді.  Мемлекет
                  қызметінің  барлық  жақтарын  дамыту  арқылы  қаржы  ресурстарымен
                  қамтамасыз  ететін,  мемлекеттік  реттеудің  орталық  буыны  қаржы  саясаты
                  болып  табылады,  бұл  негізгі  қызметсіз  мемлекеттің  жұмыс  жасауы  мүмкін
                  емес. Ол салық саясаты арқылы ішкі және сыртқы, әлеуметтік және мәдени,
                  қорғаныс және табиғи ортаны қорғау, қаржы және техникалық сияқты әр түрі
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12